Карантиндік режимді жеңілдету: 57 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріседі, саяжай маусымы ашылады

Қарағандыда қандай кәсіпорындар жұмысын жандандырады? Саяжайға қалай баруға болады? Электрондық рұқсаттамалар әлі де қажет пе? Қоғамдық көлікпен жүруге кімдерге рұқсат етіледі?
Осы және басқа да сұрақтарға SARYARQA телеарнасында тікелей эфирде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жауап берді. Ол карантиндік шараларды жеңілдету туралы әңгімеледі.

– Барлығыңызға белгілі, Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылғаны туралы мәлімдеді. Президенттің тапсырмасы мен мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде Қарағанды облысында 28 сәуірден бастап карантиндік режимді жеңілдету бойынша шаралар енгізілді. Теміртау қаласы әлі же қатаң бақылауда қала береді. Күрделі жағдай сақталады. Бұл қалада әзірге ерекше жағдай сақталуда, оның аясында карантинді ішінара жеңілдету жоспарланып отыр, – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Облыста шектеулерді жеңілдету төрт кезеңмен өтеді, деп атап өтті ол. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 57 мыңнан астам адам өз жұмысын қайта бастайды. Келесі кезеңдерді енгізу өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты.
Бірінші кезеңде өндірістік, құрылыс, жол-құрылыс кәсіпорындары, қоғамдық көлік қызметі қайта жанданадығ уақыты бойынша: таңертең сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін. Сондай-ақ сервистік қызмет көрсететін компаниялардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл техника жөндеу және қызмет көрсету шеберханалары, ТҚС және шиномонтаж, автожуу, химиялық тазалау және кір жуу орындары, қоймалар мен автосалондар.
Жеткізу режимінде құрылыс материалдарын, тұрмыстық техниканы, электронды тауарларды, саяжайлар үшін қажетті барлық тауарлар, жануарларға арналған тауарлар, тұрмыстық химия, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сататын сауда нысандары жұмыс істейді.
Оптика салондары ашылады.
Екінші деңгейлі банктер мен ХҚКО ерекше тәртіп бойынша жұмыс істейді. Алдын ала жазылу бойынша нотариустар мен адвокаттар қызметін қайта бастады.
Облыста 30 мыңға жуық саяжай тіркелген. Олар бойынша мәселе шешілді. Саяжай маусымы ашылды.
Күндіз аулаларда әлеуметтік қашықтықты ұстана отырып, бетперде киіп және карантиндік талаптарды сақтай отырып серуендеуге болады. Балалар мен спорт алаңдарын пайдалануға рұқсат етіледі. Саябақтар мен гүлзарларда серуендеуге тыйым салынды, сондай-ақ ересектерсіз 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға көшеде жүруге болмайды.
– Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алынып жатыр. ООсындай сегіз бекет болған. Қалалар мен аудандар арасында, сондай-ақ облыстың сыртқы шекарасында блок бекеттер әлі де қалып отыр, – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Ол эпидемиологиялық жағдай әлі де өзекті екенін атап өтті. Және де тұрғындарды сақтық шараларын сақтауды: маскалар киіп, антисептиктерді пайдалануды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады.

Тікелей эфирге бірнеше сұрақтар келіп түсті. Облыс әкімінің орынбасары оларға жауап берді.
– Электрондық рұқсаттама әлі де қажет пе?
– Әрине, электрондық рұқсаттама міндетті түрде болуы тиіс. Рropusk.kz сайты жұмысын әлі де жалғастырады.

– Жеке көлікпен жүрудің ережелері қандай?
– Жеке көлікпен Теміртаудан басқа облыстың барлық аумағында рұқсат етілген қызмет түрлері бойынша 05.00-ден 22.00-ге дейін қозғалуға болады. 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге тыйым салынады.

– Жұмысын 22.00-де аяқтайтын адамдар үйлеріне қалай жетеді? Осы сұрағыма жауап беріңізші.
– Шынында да, 22.00-ге дейін жұмыс істейтін кәсіпорындар бар, негізінен ол дүкендер. Олардың қызметкерлері үйлеріне 00.00-ге дейін орала алады. Оған рұқсат етілген.

– Қоғамдық көлікпен кімдерге жүруге рұқсат етілген? Барлық адамдарға ма әлде тек электрондық рұқсаттамалары барларға ғана ма?
– Қоғамдық көлік қала ішінде таңертең сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық аадамдар рұқсат етілген шектен шықпастан пайдалана алады. Тұратын жерінен 1500 метр радиуста орналасқан дүкенге, дәріханаға баруына рұқсат етілген. Сондай-ақ электрондық рұқсаттамасы барларған жұмысына жетуге болады.

– Саяжайлар үшін қандай құжаттар қажет? Саяжайда болу ережелері қандай?
– Электрондық рұқсаттаманы ресімдеу қажет. Мұны өзіңіз үшін қолайлы кез келген тәсілмен жасауға болады: саяжай қоғамы арқылы немесе жергілікті әкімдікке жүгіну немесе propusk.kz сайтына өз бетінше өтінім беру арқылы.
Саяжайға бару кезінде қолында учаскеге құқық белгілейтін құжаттар болуы қажет. Жеке көлікпен жүруге болады.
Саяжайда бір уақытта 5 адамнан артық болуға тыйым салынады. Өз балалары мен жақын туыстар ғана болуы тиіс. Көрші учаскелерге шығуға тыйым салынады.
Бағбаншылардан қатаң ережелерді сақтауды сұраймын. Қорғау құралдарын, маскалар мен антисептиктерді қолдану, қолды жиі жуып отыруларыңызды өтінеміз.

– Спортпен шұғылдануға және жүгіруге болады ма?
– Ия, болады. Бірақ тек өз аулаңыздың аумағында ғана, яғни үйіңізден бір жарым шақырым алыстамастан.

– Шаштараздар мен сұлулық салондары қашан жұмыс істей бастайды?
– Айтып өткенімдей, өмір сүруді қамтамасыз ету және инфекцияның таралу қаупін ескере отырып, жеңілдетудің төрт кезеңі әзірленді. Бұл қызмет көрсету саласын біз жағдай тұрақталған кезде, кейінірек кезеңге жоспарланып отыр.
Карантиндік шараларды жеңілдету туралы толығырақ облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27.04.2020 №16 қаулысында танысуға болады. (https://karaganda-region.gov.kz/ru/news/id/30692).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған