КАРАНТИН ЖАЛҒАСУДА

Республика мен облыста коронавирустық инфекцияны (бұдан әрі-КВИ) тіркеу жалғасуда. 2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша облыста аурудың 200 жағдайы тіркелді. Осакаров ауданында КВИ жағдайы қанағаттанарлық күйінде қалып отыр. Ауданда үй карантинінде 18 адам бар. Үйде карантинге КВИ қолайсыз аймақтар мен елдерден келгендер қабылданады. Бұл адамдар карантин режимін бұзбағаны туралы хабарламаға қол қояды. Бұзушылық орын алған жағдайда, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Үстіміздегі жылдың 11 мамырында төтенше жағдай аяқталды, бірақ карантиндік шаралар жалғасуда. Сонымен қатар республикада және жалпы облыста бірқатар объектілердің жұмысын жандандыру мақсатында карантиндік шаралар біртіндеп алынуда. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, елімізде карантин шаралары үш кезең бойынша жеңілдетіледі.

Бірінші кезеңде коронавирустық инфекция аурушаңдығы 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткенде, жеңілдіктің екінші кезеңі аптасына 5% -дан аспайтын деңгейге жеткенде, жеңілдетудің үшінші кезеңі апта ішінде аурудың өсу деңгейі 2% -дан аспайтын кезде енгізіледі. Осы жағдайды ескере отырып, 11, 12 мамырдан бастап келесідей жеңілдетулер енгізілді. Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес тауарлар – гүлдер, тұқымдар, көшеттер сататын дүкендер және азық-түлік емес базарлардың ғимараттарынан тыс орналасқан объектілер қызметін қайта бастады. Сонымен қатар фото – қызметі саласындағы, мерзімді басылымдарды сататын нысандар, шаштараздар, косметикалық қызметтерді ұсынатын нысандар, алдын ала жазылым бойынша такси қызметі, монша қызметтерінің жұмысы жанданды. Қазіргі уақытта «Ишим» АШӨК азық-түлік емес базары, фитнес-клубтары, спорттық нысандары,  жеткізу бойынша жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру орындары, балабақшалар, мектептер және басқа да бірқатар нысандар ашылған жоқ.

Ағымдағы уақытта мынадай іс-шаралар күшінде қалып отыр. Адамдар көп жиналатын жерлерде міндетті түрде бетперде кию керек, 14 жасқа дейінгі балалардың ересек адамдарсыз жүруі, отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам адамдардың жиналуына шектеледі. Сауда және дәріхана объектілеріне келген кезде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетінсіз көшеге шықпау, бағбандық учаскелерге санитарлық шараларды сақтай отырып шығу, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде 2 метрден аспайтын қашықтықты сақтай отырып, 10-нан астам адамның жиналуын болдырмауға арналған шаралар.

Құрметті сауда нысандарының, ұйымдардың, ведомстволардың және бөлім басшылары! Өз нысандарыңызда барлық сақтық шараларын сақтаңыздар. Атап айтқанда, объектінің кіре берісінде ұзақ уақыт әсер ететін санитайзерлер қойылып, кіре берісте әрбір үш сағат сайын залалсыздандырғыш құралмен суланған тосқауылдар болуы тиіс. Және де қызметкерлер бетперде және қолғаптарда жұмыс жасауын, келушілердің бетперде киюін міндеттеңіздер. Кассаның жанында ара қашықтықты сақтау, яғни кассирге бір адамнан артық келмеу, сатып алушыларға бір жарым, екі метр ара қашықтықты сақтау ұсынылады. Азық-түлік дүкендерінде көкөністер мен жемістерді қоспағанда барлық тауар пакеттерде сатылуы тиіс.

Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Барлық сақтық шараларын сақтаңыздар!

Г. Рой,

Осакаров ауданының бас санитрлық дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған