Карантин: полицейлер мен еріктілер талаптарды түсіндіруде. Тәртіп бұзушыларды айыппұлмен және қамауға алумен жазалайды

Қарағанды облысында мобильдік топтар карантин режимінің орындалуын қадағалайды. Аталмыш то құрамына учаскелік полиция инспекторлары, санитарлық қызмет мамандары мен еріктілер кірді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 3 сәуірге дейін тәртіп бұзғаны үшін 233 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 151 адам айыппұл, қамауға алу және ескерту түрінде жауапкершілікке тартылды. 82 материал қарастырылуда.

Облыс орталығында түнгі алдын алу рейді өткізілді. Кешкі уақытта серуенге шыққандарға олар карантин талаптарын тағы бір мәрте түсіндірді. Сондай-ақ медициналық маска таратылды.

Еске сала кетсек, карантин кезінде шектеулерді сақтау қажет. Қажет болған жағдайда ғана далаға шығыңыз: егер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшпесеңіз, жұмысқа; азық-түлікке үйдің жанындағы дүкенге немесе жақын супермаркетке; дәріханаға; банк бөлімшесіне. Үй жануарларын серуендетуге болады. Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз жүруге тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға үйде қалуға кеңес беріледі.

Ереже бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп ескертті полиция өкілдері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған