Карантин күндері: жұмыс орнына дейін жүруге рұқсатты кім беруі тиіс

– Жұмыс орнына кедергісіз жету үшін қандай құжаттар болу керек?
– Өзіңізбен бірге жеке куәлік және басшының қолымен және мөрімен расталған жұмыс орнынан анықтама болуы қажет. Онда қозғалыс бағыты көрсетілуі тиіс.
Жұмыс беруші беретін анықтамада әкімдіктердің елтаңбалы мөрі болуы талап етілмейді.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) және басқа да мемлекеттік мекемелер жұмыс орнынан тек өз қызметкерлеріне анықтама береді.

Карантин туралы барлық ақпарат Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында https://karaganda-region.gov.kz/ru/news.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған