Карагандинская больница имени Х. Ж. Макажанова стала лучшим стационаром года

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана жылдың үздік стационары деп танылды. Медициналық мекеме «Халықтың сүйіктісі – Народный любимец года» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша марапатқа ие болды. Дауыс берудің соңғы кезеңі сыйлықтың lubimec.kz ресми сайтында өтті.

Бұл жолы сыйлықтың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы медицина қызметкерлері мен еріктілерді ерекше атап өтті. Х. Ж. Мақажанов атындағы аурухананың да жұмысы лайықты бағаланды. Аурухана пандемия кезінде алғашқылардың бірі болып бар ауыртпалықты өзіне алды.

Бүгінде клиникада 1 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 300 медицина қызметкері коронавирус індеті кезінде күндіз-түні вахталық әдіспен жұмыс істеді.

– Бұл жаңалық біз үшін күтпеген жағдай болды, мен қатты таңданамын, – деді аурухана директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев.

Стационар басшысы барлық қазақстандықтарға санитарлық режимді сақтауды, бетперде киюді ұмытпауды және қойылатын талаптарға түсіністікпен қарауды тіледі.

2011 жылы «Республика-Өңір-Даму» ҚҚ тағайындаған «Жылдың халық сүйіктісі» Қазақстан Ұлттық сыйлығы мекемелерге танымалдығы мен құзыреттілігі үшін беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған