К. С. Станиславский атындағы театр «Волшебная хлопушка» жаңа жылдық ертегісіне шақырады

16 желтоқсанда К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында «Волшебная хлопушка» спектаклінің премьерасы өтеді. Белгілі орыс ақыны және драматург Оксана Розумның ертегісі негізге алынды. Ертегінің қоюшы-режиссері театр актері Константин Снегирев болды.

– Бұл жай ертегі емес, музыкалық қойылым. Әндер мен билерсіз қандай жаңа жылдық мереке өтпек! Бұл ертегі достық, Жаңа жыл және оның ғажайыптары туралы баяндайды, – дейді режиссер.

Ертегі бұл өмірде ешқашан Жаңа Жылды қарсы алмаған марғау туралы. Кшкентай мысық жаз бен қыстың айырмашылығы неде екенін білмеген және барлығын бүлдіре жаздаған. Оның жанында адал достары – қоян мен тиіннің болғаны қандай жақсы болды.

Қойылымда 10 әртіс өнер көрсетеді. Марғауды Людмила Васильченко мен Светлана Кройтор, Қоянды – Юлия Улыбышева мен Светлана Потемкина, тиінді – Татьяна Яковлева мен Алена Волох, түлкіні – Павел Кондратьев пен Алексей Браилко орындайды. Сахнада Константин Снегирев пен Александр Тисен Аяз атаны бейнелейді.

Сиқырлы орман және оның барлық ғажайыптарын қоюшы суретші Елена Ким, ал ертегі киімін костюмдер бойынша суретші Марина Шнайдер ойлап тапқан.

Басталуы 12.00.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған