Көк тудың желбірегені

4 маусым күні  Осакаровка кентінде  «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Менің Туым!» атты патриоттық акциясы өтті.

Акцияның негізі мақсаты ұлттық туды кеңінен насихаттау, құрмет сезімін қалыптастыру,  қазақстандық жастарды патриотизм мен отансүйгіштікке баулу. Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы қазақстандық ұлттар бірлігін, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын нығайту болып табылады.

«Ту, Елтаңба, Гимн – халықтың жүрегі мен санасына жақын нышан, еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Баршамыз осы игілікті қорғауымыз қажет», -деді Жастар ресурстық орталығының директоры Х. Акимжанов.

Ауданның белсенді жастары Ибраггим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен көк байрақты көкке көтеріп, кент көшелерімен алып жүрді. Акцияға жиырмадан астам жас қатысты. Әрбір қазақстандық мемлекеттік рәміздерді сөзсіз қадірлеп, қайнар көздерін есте сақтауы, тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған