Қиын жағдайға ұшырағандар «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығына хабарласа алады

«111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы Nur Otan партиясының Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтары мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жанында жұмыс істейді. Ол барлық мемлекеттік органдармен және жедел әрекет ету топтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектердің көмекке жүгінуі үшін құрылған.

Байланыс орталығына барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға хабарласуды сұрайды. Егер сізге отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқықтарының бұзылуы, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер фактілері белгілі болса, «111» нөміріне хабарлауыңызға болады. Егер сіз баланың қараусыз жүргенін, үйде немесе көлікте жалғыз қалғанын және қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, байланыс орталығына қоңырау шалыңыз. Егер сіз ашық люк, суға толы шұңқыр және т.б. қауіпті жайттарды байқасаңыз, хабар беріңіз.

Бірде-бір қоңырау назардан тыс қалмайды.

«111» нөмірі тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар құқық қорғау органдарымен және өңірлердің жедел топтарымен тұрақты байланыста болады. Барлық қоңыраулар тіркеледі. Құпиялылық қағидаты сақталады. Қоңырау шалушы қабылданған шаралар туралы білу үшін кері байланыс жұмыс істейді.

Барлық өтініштерді Nur Otan партиясының аймақтық филиалдары бақылауға алады.

Жобаның бастамашылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытуға шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған