Ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерді мемлекеттік гранттар алуға арналған конкурсқа қатысуға шақырады

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру бойынша ашық конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда өтінім мен құжаттардың толық топтамасын ұсынуы тиіс.

Құжаттар 20 қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін қабылданады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні құжаттарды 13.00-ге дейін тапсыруға болады. Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және тапсыру мәселелері бойынша Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен, Қарағанды қ., Костенко к-сі, 6, 33 кабинет, электрондық пошта мекенжайы бойынша кеңес алуға болады: guop_karaganda@mail.ru; байланыс телефоны: (8-7212) 42-15-05. Сондай-ақ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, 1-қабат мекенжайы бойынша және оның облыс қалалары мен аудандарындағы филиалдарында.

Ережелермен және құжаттар тізімімен http://upkrg.gov.kz сайтында танысуға болады.

Анықтама телефоны: (8-7212) 50-38-73.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған