Халықтың рухын көтеретін белгілер

4 маусым – еліміздің рәміздеріне маңыз берілетін, тәрбиелік мәні өте зор мереке.  Мемлекеттік рәміздер – барша халықтың рухын көтеріп, мақтаныш сезімін оятатын белгілері. Беделі асқақ көк Туымыз, Елтаңба мен Әнұранымызды құрмет тұтуды өскелең ұрпаққа тек мейрамда ғана емес, барша уақытта түсіндіріп отыруымыз аса маңызды.

Бұл күннің басты идеясы – жастардың патриотизмін және барлық ұлттардың бірлігін нығайту, тәуелсіз елдің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.

Білген абзал (қызықты мәліметтер)

1992 жылдың басында Мемлекеттік рәміздерді дайындау бойынша  арнайы шығармашылық комиссия құрылып, оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов және т.б. сияқты қайраткерлер кірген.

Рәміздердің жобаларын жасау байқауы жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысып, Мемлекеттік Ту эскиздерінің 1200 өтінімі, Мемлекеттік Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 суреттемесі және Мемлекеттік Гимннің 750 нұсқасы ұсынылған.

1992 жылдың 4 маусымында ҚР Мемлекеттік рәміздері қабылданды. Біздің отандастарымыз Қазақстан Туын әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңісті жолдарымен төрт мың рет ұстап жүріп, оны ғаламшардың баруға жолы ең қиын түрлі жерлеріне, ең биік тау шындарына және ғарышқа тікті.

1994 жылы 1 шілдеде ғарыш стансасының бортында Талғат Мұсабаев біздің Мемлекеттік Тудың қасында сөз сөйледі.

1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының «Абай» шыңына тікті.

2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов Қазақстанның Туын Азияның ең күрделі тау шыңы – биіктігі 8 611 метр «Қарақорым Чогориге» тікті. Осы жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді.

2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі – «Охос-дель-Саладо» бағындырды, қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартауға тігілген.

2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы – «Мак-Кинли» шыңына шығып, онда қазақстандық туды орнатты. Қазақстанның Туы сондай-ақ Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – биіктігі 4 810 метрді құраған «Монбланға» көтерілген. Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Гимні Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары – Памир тауының «Ленин» шыңында (7 134 метр) шырқалған.

2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты.

2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Солтүстік полюс – Арктикада тікті.

2018 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Қазақстанның Туын Астананың 20 жылдығына арнап, әлемдегі ең биік шыңға – Эверестке (теңіз деңгейінен 8848 метр биіктікке) көтерді.

2018 жылы Елтаңбадағы ел атауы латын әліпбиі бойынша жазылды.

2019 жылы 16 желтоқсанда Американың Сан-Франциско қаласының мэриясы үстінде Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі мемлекеттік әнұранның орындалуымен өтті (ҚР Тәуелсіздік күніне орай Сан-Франциско қаласының мэрі Н. Брид 2019 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялау туралы декларацияға қол қойған).

(мәліметтер интернет сайттарынан алынды)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған