ЭЦҚ-сыз 42 500 жәрдемақыға қалай беруге болады

«ТЖ кезеңіне 42 500 төлем» қызметін енді SMS арқылы авторландыра отырып алуға болады. Қазақстанда өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

1. Пайдаланушы eGov басты бетінде «ТЖ кезеңіне 42 500 төлем» сервистерін таңдау қажет.

2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, «бір реттік пароль» таңдау қажет.

3. Алынған SMS-тен сандар комбинациясын енгізгеннен кейін қарапайым нысанды толтыру, «дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін» деген белгі қойып, «бұдан әрі» батырмасын басу қажет.

4. Электрондық өтініш берілгеннен кейін сіздің мәліметтеріңізді, өтініш нөмірін және «Өтініш өңделуде» мәртебесін көрсете отырып терезе ашылады.

5. Мәртебені сіз жеке кабинетте, «кіріс» бөлімінде көре және/немесе нәтижені хабарлама түрінде ала аласыз.
Егер жүйе мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, бетте көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өту керек. Тіркеу жүйенің бұл сіздің телефон нөміріңіз екенін және сіздің жәрдемақыңызды басқа ешкім ала алмайтынын білуі үшін қажет.
Ұялы азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейне қоңырау арқылы ХҚКО операторымен қосады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді. Осыдан кейін сіз бір реттік пароль арқылы авторланып, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдардан өтуге болады.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған