Ерлігі ұрпаққа үлгі жандар

 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудан әкімі Нұркен  Кобжанов ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырақтарына барып  құттықтап, сый-сияпат жасады.  

1942 жылы соғысқа шақырылып, Батыс майданының құрамында соғысқан,   157 шекара полкінде 2 Беларусь майданының қолбасшысы маршал К.К. Рокоссовскийдің штаб-пәтерін күзетіп, Польша арқылы Германияға дейін жеткен Медведев Николай Иосифович, өз еркімен майданға сұранып, 2-ші Украина майданының 265 ЭГ құрамында медбике болған Котова Анна Никоноровна,  1942 жылдан 1945 жылға дейін 54 Ленинград майданы құрамында армияның жорық-жөндеу шеберханаларында қызмет атқарған Степанова Мария Дмитриевна, 2 Украина майданы, 3 Украина майданының мергені Лукьянов Сергей Григорьевич,  Сталинград майданы, 2 Белорус майданы 49 Армия, 3-ші Балтық майданының 169 атқыштар дивизиясы, 87 Осоловец шекара полкінің мергені, күні кеше өмірден озған Терентьев Александр Владимирович құрмет пен даңққа лайық жандар.

Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі.  Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге құрмет толастамақ емес. Аудан басшысы ардагерлердің хал жағдайын үнемі біліп, мұң мұқтажы болса тыңдап, мерекеде құттықтап баруды дәстүрге айналдырды. Соғыс ардагерлері болса майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдіруде. Осындай кездесулерде қариялар емін еркін сөйлесіп, өткен-кеткенді еске алып, бір марқайып қалады.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған