Еріктілер су өткізу құбырларын тазалады.

26 ақпан күні Сарыбел ерік- тілері «Көктем 2020» РКШОЖ өткізу аясында су өткізу құбырларын тазалау бо- йынша жəрдем көрсетті. Шара Осакаровка кентіндегі қар қалың басып қалған көшелердегі суағар құбырларды тазалау ісшараларымен басталды. Еріктілердің жұмысын жандандыруға басымдық берілген. Бүгінде жастар халықпен тығыз байланыста болғандықтан, үнемі қарттарға, жалғыз басты аналарға, жетімдер мен жалғызілікті қарияларға көмектесіп, қарттардың батасын алып отыр.

Волонтерлік қызметті өз қалауымызбен таңдағандықтан жастар ерікті түрде қыс болса мұқтаж жандардың қарын күреп, күз болса жем шөбін дайындасуға қол ұшын созып, қамқорлық танытып келеді, -дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушысы Х. Қ. Əкімжанов.

 Сержан Смаханұлы

 

2020 жылдың 29 ақпан күні Алғыс айту күніне арналған Тоғызқұмалақтан 2007 жылы туылған жəне одан кіші жасөспірімдер арасында Осакаров ауданының біріншілігі жəне Қазақ күресінен 2006 -2011 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында Осакаров ауданының біріншілігі Осакаровка кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болып өтті.

Тоғызқұмалақ ойынында: Ұлдар арасында: 1 орын Жаңбыршы Нурбол. 2 орын Тұңғышбай Хайдар. 3 орын Төлеңді Мирас.

Қыздар арасында: 1 орын Садық Інжу. 2 орын Омашева Наз. 3 орын Мансурова Кристиналар иеленді.

Қазақ күресі сайысында: 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында: 24 кило салмақ дəрежесінде1 орын Берікхан Абылмансұр, 2 орын Жанат Елдар, 3 орын Қайыржан Алтаир; 26 кило салмақ дəрежесінде 1 орын Берікхан Əбілқайыр, 2 орын Рахымбек Ислам, 3 орын Жанат Мухамедали;

+42 кило салмақ дəрежесінде 1 орын Жансеит Асанəлі, 2 орын Еділбек Алишер, 3 орын Төлетаев Нұрасыл; 2008-2009 жылы туған ұлдар арасында 26 кило салмақ дəрежесінде:1 орын Хабидол Мухамеджан, 2 орын Нұрдыбек Санат, 3 орын Төлеугазин Иманəлі;

30 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Хапан Еділ, 2 орын Ақжолов Алан, 3 орын Тайшығара Əбдірахман;

35 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Берікқан Шыңғыс, 2 орын Мұратбек Марғұлан, 3 орын Тұрсыбек Нұрали;

42 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Секенов Алмас, 2 орын Са- детхан Айдар, 3 орын Жеңісхан Ералхан;

2008-2009 жылы туған қыз балалар арасында: 1 орын Жанат Мөлдір, 2 орын Нұрлыбекқызы Айша, 3 орын Қасымжан Ақшуақ; 2006-2007 жылы туған ұлдар арасында:

38 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Берікбай Бегарыс, 2 орын Қойшыбай Арман- дос, 3 орын Ержанат Магавья; 46 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Кенжебаев Алишер, 2 орын Нұрбек Бердібек, 3 орын Еркінбек Медет

50 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Авсалам Елдос, 2 орын Ниетхан Жандос, 3 орын Мейрамхан Расул;

+50 кило салмақ дəрежесінде: 1 орын Бірлік Мейрамбек, 2 орын Хатыран Қайырым, 3 орын Мүбарак Батыржан;

2006-2007 жылы туған қыз балалар арасында 46 кило салмақ дəрежесінде Қасымбек Мақпал 1 орынды иеленді. Жеңімпаздар Осакаров ауданының дене шынықтыру жəне спорт бөлімінен тағайындалған мақтау қағаздары, медальдармен мара- патталды.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған