Еріктілер мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

«Ардағым – Ардагерім» жобасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының еріктілері қарт адамдарға көмек көрсетті.

Жас ұрпақтың игі істер жасауға деген ұмтылысын тәрбиелеуді көздеген акцияның мақсаты қоғамда қарт адамдарға деген ынтымақ пен құрмет сезімін нығайту болатын. Жыл бойы еріктілер акция аясында ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да жәрдемге мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Мейлі ол дүкеннен азық-түлік сатып әкеліп беру, су тасу, отын жару, ауланы қардан тазарту болсын жастар аянып қалмайды. Осы аптада қар көп болды, аулаларда қар көп жиналды. Жастар болса күрекпен қаруланып, қар тазалауға шықты. Жеке үйлерде тұратын жалғыз басты ардагерлер үшін мұндай көмекке баға жетпейді.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған