Еріктілер игі істерімен алғысқа бөленіп жүр

Осакаров аудаының жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған  «Сарыбел еріктілері» игі істерімен тұрғындардың алғысына бөленіп жүр. Қай бастамада болмасын білектерін сыбана кірісіп, өздерінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі.  

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар ойнайтын алаңдарды абаттандыру бойынша «SJ» акциясын өткізді. Олар кенттегі Ә. Бөкейханова көшесіндегі балалар алаңындағы әткеншек, сырғанақ, басқа да жабдықтарды сырлады. Кенттің ең кішкентай тұрғындары мен ата-аналардың қуанышы шексіз.

Арман, кент тұрғыны:

  • Балаларымды осы алаңда ойнауға күнде әкелемін. Сыры өңіп тұрған еді, абаттандыру жұмыстарын жүргізген жастарға алғысымыз шексіз,- деп ризашылығын білдірді.

Алаң балалардың шат-шадыман күлкісіне толы. Еріктілер балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастырмақшы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған