Еріктілер қатары толықты

Аудандық еріктілер штабы өз жұмысын жалғастыру барысында «SARYBEL ERIKTILERI» ҚБ құрамын жастармен толықтыруда. Олардың қатарында мектеп оқушылары да бар. Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығының) 10 сынып оқушысы Әкімжан Зере Қабылдақызы, мектептегі «Жас Ұлан» ҚБ президенті болса, Алимбаева Алина Сериковна Осакаровка кентінің №12 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығының)  11 сынып оқушысы. Еріктілер қатарына жаңадан қабылданған  автоволонтер Мажура Владимир Михайлович азық – түлік пакеттерін, дәрі – дәрмектерді жалғыз басты қарт зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға тасымалдауға көмектесіп келеді.

Күн сайын белсенді еріктілердің саны артып келе жатқаны қуантады.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған