Еріген қар суын арықтарға бұру жұмыстары жүргізілуде

Осакаровка кентінде көктемгі су басу қаупінің алдын алу шаралары жүргізіліп, еріген қар суын арықтарға бұру жұмыстары өтіп жатыр.

Бүгінгі таңда Осакаровка кентінің Моторная, Спортивная, Литвиновская, Байғабылов көшелеріндегі жиналған қар суын арықтарға бұру жұмыстары жүргізілді.

Целинная көшесінде орналасқан  45-ші  үйдің жанындағы арық құбырына  мұз қатып қалғандықтан, суды арыққа жіберу үшін жолдың бетін ойып суағар жасалды.

Пацаев көшесіндегі арықтар тазаланып, жұмысшылар Театральная көшесінде қар үйіндісінің арасынан арықтарды аршуда.

– Түнде Колхозная көшесінде 32,30,4 үйлерді су кіру қаупінен құтқарып, суды арық арқылы бұрдық, – деді кент әкімі Серік Акижанов.

Кент әкімі жүргізіліп жатқан шаралар кезінде тұрғындарының қол ұшын бермек түгілі, ешбірі үйінен де шықпағанын айтып қынжылды.

Сақтықта қорлық жоқ. Әр тұрғын өз ауласындағы, шарбақ жанындағы арықты қардан тазалағаны абзал болар еді. Жаман айтпай жақсы жоқ, ертең су кірер болса, әкімдікті кінәлайтынымыз сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.