Ерекше бақылауда: Қарағанды облысында тасқын қаупі жоғары аумақтарды тікұшақтармен бақылау жалғасуда

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев және ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев 27 наурызда Шерубай-Нұра өзенінің арнасын, сондай-ақ Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймасын аралап көрді.

Аэровизуалды тексеру Ақтоғай, Шет, Абай және Бұқар Жырау аудандарының аумағында жүргізілді.

Облыста ірі су қоймаларынан су жіберу жалғасуда.
Олардың көлемі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілді.
Сондай-ақ облыстағы су айдындарында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 27 наурызда Осакаровка және Нұра аудандарында – Сабырқожа және Жаман-Қон өзендерінде мұз жару жұмыстары өтті.

Автомобиль және темір жолдардағы су өткізу құрылыстары тазартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған