Қарағанды облысында COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай

2021 жылғы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарағанды облысында барлығы коронавирустық инфекцияның 90 810 жағдайы, өткен тәулікте 398 жаңа жағдайы тіркелді.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 6373,2 құрады, оның ішінде симптомдары бар науқастар – 78,5%, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 21,5%.

📞Ағымдағы жылдың басынан үйлестіру орталықтарының жедел хабарламалары негізінде Департаменттің аумақтық басқармалары 544 – тен астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, сонымен қатар басқармаларға құқық қорғау органдарынан 1300-ден астам материал келіп түсті.

😷Карантин режимін бұзу деректері бойынша бизнес объектілеріндегі құқық бұзушылықтар фактілері бойынша 946 айыппұлдар 91 млн. теңгеден астам сомаға салынды, оның ішінде:
жұмыс тәртібін бұзғаны үшін – 113;
маска режимін сақтамағаны үшін – 644;
отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой және т.б.) өткізгені үшін – 92;
дезрежимін сақтамағаны үшін (антисептик, дезкілемше және т. б. болмауы) – 10;
адамдардың шектеу санын сақтамағаны үшін – 11;
БМСД қаулыларының талаптарын және т.б. бұзғаны үшін – 76.

🖇Объектілерге қатысы жоқ жеке тұлғаларға 29 млн. теңгеден астам 575 айыппұл салынды:
маска режимін сақтамағаны үшін – 269;
отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой, еске алу т.с ) өткізгені үшін – 85;
карантин режимін бұзғаны үшін, оның ішінде қызметіне тыйым салынған объектілерде болғаны үшін – 182;
БМСД қаулыларының талаптарын бұзушылықтар үшін – 39.

❗️Облыс кәсіпкерлері мен тұрғындарын барлық карантиндік шектеулерді сақтауға шақырамыз!

🔊Естеріңізде болсын: материалдық шығындардан басқа, талаптарды сақтамау басқалардың, соның ішінде Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.