Еліміздің амандығына тілеу етейік

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында Президентіміз көп жағдайдың бетін ашып, анықтап берді. Коронавирустың таралуын бәсеңдету үшін жасалған шараларға тоқталды. Қиын кезеңнен шығатынымызды, тұрақты және сапалы өркендеу жолына түсетінімізді баса айтты.

Қ. Тоқаев өз сөзінде «ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес. Өйткені, пандемияға ешкім де дайын болған жоқ»,- деді.

«Ауру айтып келмейді»,- дейді дана халқым, ең бастысы бұл індетті ауыздықтау. Нұсқаулықтарды орындап, отбасымыздың, еліміздің амандығына тілеу етейік.

А. Бастаубаева, 

Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.