Электрондық еңбек биржасы порталында жаңа қызметтер пайда болды

Электрондық еңбек биржасының порталында жаңа қызметтер пайда болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Электрондық еңбек биржасы 2018 жылы іске қосылып, жұмыс берушілерден, мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту агенттіктерінен, онлайн-алаңдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардың түйіндемелерінен түсетін бос жұмыс орындарын жинақтады. Порталда 203 жұмыспен қамту орталығы, 54 жеке жұмыспен қамту агенттігі, 4 онлайн-платформа жұмыс істейді.

Биыл жаңа қызметтер іске қосылды. Облыс орталықтарының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың тұрғындары үшін жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу (Әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы), ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу сияқты қызметтерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік берілді.

Ербол Оспановтың айтуынша, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (e-HR) белсенді қолданылады, онда жұмыс берушілер еңбек шарттарын тіркейді. Осының арқасында жұмысқа орналастыру жеңілдейді және ашықтық жоғарылайды, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіледі, кадрлық іс жүргізу автоматтандырылады.

– Жүйе электрондық жеке істі қалыптастыруға және еңбек ресурстарына қажеттілікті болжауға қабілетті. Бүгінде 3,9 млн келісімшарт тіркеліп, 150 мың ұйым қосылды, бұл барлық жұмыс істейтіндердің 70%-ын құрайды. Ағымдағы жылы еңбек шарттарының кемінде 85%-ын тіркеу міндеті тұр, – деп қосты спикер.

Бойынша ақпарат Министрлігінің және Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған