Елдігіміздің мызғымастығын айшықтайтын күн

1992 жылдың маусым айында бекітіліп, жыл сайын аталып өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні елдігіміздің мызғымастығын айшықтайтын күн. 4 маусым күні аудан әкімдігі ғимаратының жанында орнатылған тутұғырдың ашылу рәсімі өтіп, салтанаты түрде Мемлекеттік ту көтерілді.

«Nur Otan» партиясының «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясы аясында өткізіліп отырған салтанатты шараға аудан әкімі Нұркен Кобжанов, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саққұлақов, «Nur Otan» аудандық филиалының төрағасының орынбасары Динара Бекова, қоғамдық кеңес мүшесі Владимир Кошевец қатысты.

Бас алаңдағы көк байрақты көтеру мәртебесі шет елдің биік ареналарында еліміздің Гимнін шырқатып, Мемлекеттің Туын асқақтатып жүрген балуанға берілді. Хуанбай Еламан – ауданымыздың мақтанышы, қазақша күрес бойынша Азия чемпионы.

Мемлекеттік рәміздер – дербестігіміздің, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мұқалмас рухын, даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Айтулы күннің еліміздің әр азаматы үшін ерекше екенін көрсетеді.

Егемен еліміздің бейбіт аспанында көк байрағымыз желбіреп, елтаңбамыз жарқырап, әнұранымыз асқатай берсін!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған