Егер сіз өз өміріңізді Отанға қызмет етуге, Отанымыздың қорғаушысы болуға арнағыңыз келсе, келісім-шарт бойынша әскери қызмет – бұл сіздің таңдауыңыз!

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, ол кәсіби өсудің перспективаларын қамтамасыз ететін, әскери адам үшін де, оның отбасы үшін де әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін беделді жұмыс.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 30 жылдан астам мерзімге келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады. Басты критерийлер – соттылықтың болмауы, денсаулығының мықты болуы.

Келісім-шарт бойынша қызметтегі тиімді жақтарды атап өту керек: ол лайықты жалақы, жалдамалы тұрғын үй, киім-кешек, әскери қызметші мен отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, балаларды балабақша мен мектепке кезекте тұрмай орналастыру, сонымен қатар әскери қызметшілерге екі реттік төлеммен жыл сайын 45 күндік демалыс беріледі және осыған қоса қалпына келтіру үшін жалақы.

Осакаров ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметке азаматтарды келесі әскери бөлімдерге іріктеудің жүріп жатқаның хабарлайды:

– 46298 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

– 31775 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

– 85510 әскери бөлімі Қарағанды қаласы;

– 36352 әскери бөлімі Спасск ;

– 06708 әскери бөлімі Приозерск қаласы;

– 18405 әскери бөлімі Приозерск қаласы;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– Қазақстан Республикасының азаматтығы;

әскери қызмет, немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында әскери дайындық немесе қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықта болған резервті даярлау үшін әйелдерді қоспағанда;

– әскери мамандықтың болуы және сәйкестігі;

– орта, арнаулы орта, орта техникалық және жоғары білімнің болуы;

– денсаулыққа байланысты.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке орналасуға ниет білдірген азаматтар Осакаров ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласуларыңызды өтінеміз. Мекен-жайымыз Осакаровка кенті, Шахматная көшесі, 110 үй, байланыс телефоны: 43005 (кабинет № 14).

Осакаров ауданы

Қорғаныс істер жөніндегі

бөлімінің бастығы майор С. Сарбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған