Сабырлы болайық

Қазіргі уақытта коронавирусты жұқтыру жағдайлары жиілеп кетті. Еліміздің бірқатар елді мекендеріне карантин енгізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы біз отандастарымыздың тағы да короновирустың инфекцияға шалдыға бастағанын ести бастадық. Мәліметтерден күнделікті аурушаңдық көрсеткіші өсіп келе жатқанын көреміз, сондықтан біз коронавирустық пандемияны таратпау үшін бәрін алдын ала сақтық шараларын жасауымыз керек!

ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, СOVID-19 таралуын болдырмаудың міндетті шарасы әлеуметтік қашықтықты сақтау болып қала береді (кем дегенде 2 метр). Бетпердені 1 метрге тең қашықтықты сақтау мүмкін болмаған кезде халықтың барлық топтарына кию ұсынылады. Сондай-ақ гигиенаны сақтау, түрлі сапарлар мен іс-шаралардан бас тарту да сақтық шараларына жатқызылып отыр. Ең бастысы қандай жағдайда да сабырлы болуымыз керек.

КВИ – ге қарсы ағзаны имундық күшейту үшін дене шынықтырумен айналысудың, таза ауада серуендеудің де пайдасы зор.

Дәнен Бейсембаев,

Еңбек ардагері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған