Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ҰБТ-ға тегін онлайн дайындық курстарын іске қосты

Ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін онлайн режимінде дайындалуға болады. Осындай бағдарламаны Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті іске қосты.

Репетитормен онлайн-сабақтарға өтініштерді биылғы жылдың түлектері де, сондай-ақ мектепті бұрын бітіргендер де бере алады.

Пәндер бойынша кеңестерге университеттің www.ksu.kz сайтында «2020 Талапкерлеріне» бөлімінде жазылуға болады. Сабақ қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Кеңес беру кестесі тіркеуден кейін қолжетімді болады. Бір түлек қосымша дәріс қажет деп санайтын төрт пәнді таңдай алады.
Кеңестер zoom онлайн-конференцияларына арналған платформада өтеді.

ҰБТ-ға тегін дайындық курстары туралы сұрақтарды 8-702-175-45-01 нөмірі бойынша қоюға болады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған