Джаз музыкасының жанкүйерлерін «Менің Қазақстаным» концертіне шақырады

Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Джаз-оркестрі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» мерекелік бағдарламасын дайындады.

Биг-бендтің ұжымы аты аңызға айналған джаз композицияларын да, авторлық өңдеудегі танымал хиттердің кавер-нұсқаларын да орындайды.

Музыкалық кеште Ксения Николаева, Арайлым Жүкенова, Медеу Шілманов, Ербол Алшынбаев және Қуат Дүйсенов өнер көрсетеді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері және джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі Игорь Андрейченко дирижерлік етеді.

Концерт 26 ақпанда циркте өтеді.

Басталуы 18.00.

Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған