Діни экстремизмнің алдын алу өзекті мәселе

Қарағанды облысының Дін істері басқармасының қолдауымен аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша интернет желісінде жауапты болып тіркелген мамандарға және БАҚ өкілдеріне, блогерлерге арналған оқыту тренингі»  болып өтті. Семинар жұмысына Нұра ауданы, Теміртау қаласы БАҚ қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мүшелері, дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша интернет желісінде жауапты болып тіркелген мамандар, блогерлер, аймақтық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері  қатысты.

Ақпараттық-насихаттық топ жұмысын ДІК Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығы өкілі Дианна Есенова жүргізіп отырды.

Әлемде Интернет пен әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдаланушылар жасырын жағдайда ақпарат тарататын және бөлісетін балама шынайылыққа айналуда. Әртүрлі деструктивті діни  ұйымдар мен ағымдардың идеологтары осылайша өз қатарларын толықтыруда. Желі арқылы жаңа жақтастарды тарту және өздерінің теріс идеяларын тарату үшін әлеуметтік желіге жаппай бет бұрушыларды деструктивті діни  ұйымдардың ықпалынан қорғауымыз қажет, – деді Дианна Бекханқызы, Орталықтың негізгі мақсаттары, қызметі туралы, зайырлылық қағидасы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы айта келіп.

Радикализм мен терроризм идеяларын насихаттаудың қарқындылығын бәсеңдету тәжірибелерімен бөліскен  Теміртау қалалық мешітінің имамы  Елдос Жұмаділдә әсерлі уағызымен залды баурап алды. Мемлекеттердің экстремистік, радикалдық мазмұндағы сайттарды мониторингтеу мен тосқауыл қоюға бағытталған бастамалары туралы әңгімелей келе, террористік ұйымдар мен ағымдардың Интернет-ресурстары мен веб-порталдары өз форматтарын жиі өзгертіп, идеяларын басқа тақырыптар арқылы таратып, жаңа домендер құрып, сөз бостандығын пайдалана отырып әр елдердің хостингтерін пайдаланып отыратынына тоқталды. Мұндай жағдайда журналистер мен блогерлер анық ақпаратқа қалай қол жеткізбек ?!

Сайттардың провайдерлерінің шетелдерде болуы да көп жағдайда мәселені қиындата түседі. Әрбір мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының өзгешеліктеріне байланысты бір мемлекеттің басқа елдің аумағында тіркелген деструктивті сайттарды жаптыруға дәрмені жетпейтін жағдайлар да осы мәселеге біршама тосқауыл болуда.

Осындай ағаттықтар террористік және экстремистік күштерге өз қызметтерін барлық дерлік елдерде таратуға үлкен мүмкіндіктер береді. Бұған виртуалды құрылғылардың көмегімен интернетте арбаушылардың  құрған торына түсетін адамдардың, оның ішінде жастардың жыл санап көбейіп отырғаны жағдайдың тым күрделі бағытқа ойысқанын көрсетеді.

Қазақстанда бүгінгі күнде басқа да елдердегі тәрізді ақпараттық қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай өткір тұр.  Елімізде орныққан тұрақты діни ахуалға қарамастан, қоғамда тұрғындардың белгілі бір бөлігінің арасында діни радикалдану үрдісімен байланысты бой көрсетіп жүрген бірқатар мәселелер бар. Сондықтан мемлекеттік органдардың алдында осы саладағы қазіргі қауіп-қатерлерді ескере отырып, қоғамда қолайлы рухани ортаны қалыптастыру міндеті тұр.

Жалпы модераторлар жиын қорытындысы бойынша ақпаратты алу және оны тарату бойынша тренинг өткізді. Жиын соңында арнайы дайындалған брошюралар таратылып,

ДІК Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығы өкілі Дианна Есенова дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша интернет желісінде жауапты болып тіркелген мамандар мен блогерлерге сертификаттар табыстады.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған