Дін және қоғам Қазақстан  – конфессияаралық келісім мен бірліктің кепілі

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері биыл 30 жыл толып отыр.

Әлемге саяси, экономикалық, қоғамдық сипатымызбен қатар мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызбен де таныла бастадық. Осы қарсаңда мемлекет дамуының зайырлы принциптері мен конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі тәжірибесі жетістіктеріне әлемнің назары ауып отыр. Елімізде өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі егемен еліміздің діни – руханият дипломатиясы тұрғысындағы басты ұстанымын паш еткен оқиғалардың бірі ретінде тәуелсіздік шежіресіне жазылды. Келелі басқосулар елордамызда алты рет: 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары өтті. Оған әлем дінбасылары мен көрнекті өкілдері қатысты.

Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстанның дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара әрекеттесуінің үлкен тәжірибесі Қазақстанда жинақталған.

Елімізде дінаралық келісімді, татулықты сақтау арқылы тыныштықты, бейбітшілікті қалайтын әрбір азамат – конфессияаралық келісім мен бірліктің кепіліне айналып отыр.

Гулбаршын Аманбаева,

Осакаров «аудандық «Сельский труженик»

газетінің Бас редакторы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.