«Дәрігер сағатында» өткен маңызды шара

Облыстық инфекциялық орталығының бастығы, штаттан тыс инфекционист, профессор Жунусов Ержан Сейполович пен  «Жүрек» АҚШ ассоцияциясы тренері Камила Наурызбаева ауданымызға арнайы жолсапармен келіп, аудандық орталық аурухана мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Дана Молдағалиева қатысты.

«Дәрігер сағатында» әлемдік пандемияға байланысты алғашқы медициналық көмек көрсету және арнайы бекітілген хаттамамен емдеу, аяғы ауыр әйелдерге жәрдем көрсету ерекшеліктері жайында баяндалды. Сонымен қатар елімізде «Сібір жарасынан» да қорғану  қажеттігін ерекше атап өтті.

Іс – шараға қатысып, белсенділік көрсеткен ақ халаттылар сауалдарына жауап қайтарған модераторлар болашақта қашықтықтан оқыту жобасын ұсынды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын жаңаша оқыту түрі әлем әлдерінде жақсы дамыған. Соның ішінде алдыңғы орында Ұлыбритания, АҚШ елдері тұрғанын айтуға болады. Ал елім ізде карантин жарияланғалы қашықтықтан оқыту жүйесінің білім беру саласы мен медицинада дами бастағаны қуантады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған