COVID-19 вирусына тексерілу үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуден кімдер өтуі тиіс

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға ПТР-тестілеуден міндетті түрде өтуі тиіс адамдардың санаттары анықталды. 22 сәуірден бастап медицина қызметкерлері амбулаторлық анализдер алуды жүзеге асыра бастайды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тестілеуден өтуі тиіс азаматтар:
1) амбулаторлық емдеудегі ЖРВИ, пневмониясы бар науқастар;
2) мерзімі 38 апта және одан көп жүкті әйелдер, мерзімі 36 апта және одан көп экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдер;
3) барлық босанған әйелдер (01.04.2020);
4) үй карантиніндегі адамдар;
5) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері;
6) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған прокуратура, ҰҚКД, ІІД, әкімдік қызметкерлері;
7) УҰИ, тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар.

Бүгінгі күні 604 адамнан COVID-19-ға талдау алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған