COVID-19 алдын алу шаралары жүргізілуде Коронавирустық инфекцияның алдын алу және төтенше жағдай режимі кезінде азық – түліке бағасын тұрақтандыру бойынша ауданда бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр.

Осакаров ауданында аудан әкімінің бекітуімен аудандық штаб құрылып, Коронавирустық инфекция тіркелген жағдайда ауданның медициналық ұйымдарының жұмысқа дайындығына күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. КВИ алдын алу жадынамалары таратылып, Мәдениет үйінің радио нүктесінде сақтандыру шаралары насихатталуда.

Президент Жарлығын орындау бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен бірлескен кәсіпкерлік субъектілеріне бойынша күнделікті рейдтер жүргізілуде. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын нысандардың ( БЖСМ, ФОК, фитнес-клуб, мұражай, МҮ, клубтар, қоғамдық монша) жұмысы тоқтатылды, жаппай отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салуға бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне хаттар жіберіліп, қоғамдық нысандар қатаң бақылауға алынды.

Сәрсенбі күні Осакаров аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Галина Рой және кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің басшысы Қарлығаш Шалабаеваға сауда нүктелерін аралап, жағдайды біліп қайтты.

«Дива», «Барс», «Эконом» , «Октябрь», «Тұмар», сауда үйлері, «Гүлдер», «Глобус» дүкендеріне және орталық базардағы хал-ахуалмен танысты.

Сауда нүктелерінің кейбірінде кіре берісте тұруға тиісті тұтынушыларға арналған антисептиктер жоқ, барларына кірген адамдар мән бермеуде. Сатушылардың бірінде бет перде болмаса, бірі қолғапсыз. Ғимараттарда желдету режимі сақталып, залалсыздандыру сұйықтықтары пайдаланған ылғалды жиыстыру жүргізілуде, әйтсе де дезинфекциялау құралдарын құйылған кілемшелер барлық жерде емес екен. Оларға бейқамдықты қойып, сақтық шараларын күшейту керектігін түсіндірді басшылар.

Азық-түлік дүкендерінде тағамдар, нан өнімдерінің барлығы қапталған. Сөрелер өнімдерге толып тұр, бағалары тұрақты. Халық қарасы да көп емес, еш дүрбелең жоқ.

Галина Николаевна мен Қарлығаш Шалабаевна дүкен қожайындары, сатушылар және тұтынушыларға сақтандыру шараларын насихаттап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған