«БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін микронесие беру

2020 жылғы 30 шілде енгізілген өзгерістер бойынша, бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеулерсіз қатыса алады. Номинал сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспауы тиіс. Кәсіпкер төлейтін несие пайызы жылына 6%-ды құрайды. Номинал мөлшерлеме мен қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме арасындағы айырманы мемлекет субсидиялайды.

Үкіметтің шешімі бойынша, мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және несие мен микронесие бойынша ішінара кепілдік беруді «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырады. Осылайша, несие беру жайлы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы қабылдайды. Ал несиені субсидиялау және кепілдік беру туралы шешім хабарлама сипатында болады.

Айналым қаражатын толықтыруға арналған несие бойынша ең жоғары сома 5 млн теңгеден аспайды, субсидиялау мерзімі 2 жылға дейін. Инвестиция үшін берілетін қарыздың максимал сомасы 20 млн теңге, субсидиялау мерзімі 3 жылға дейін. Бір кәсіпкерге деген лимит 20 млн теңге. «Даму» Қорының кепілдік мөлшері қарыз сомасының 85% құрайды.

Бүгінгі таңда «Даму» Қоры Екінші деңгейдегі үш банкпен портфельдік субсидиялау және кепілдендіру туралы келісімге қол қойды, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген басқа ЕДБ және МҚҰ-мен келісімге қол қою уақыт талабы болып табылады. Бағдарламаның артықшылығы-қаржыландыруды туралы шешім тек банк немесе микроқаржы ұйымы деңгейінде қабылданады. Бұл тәсіл несие алуға өтінімді қарау мерзімін айтарлықтай қысқартуға алып келеді және жалпы алғанда кәсіпкерлерге қолдау шараларын ұсыну процесіне оң әсер етеді, – деп бөлісті «Даму» «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Гүлнар Сүйіндікова.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған