Болат Жәмішев Медициналық сақтандыру қоры Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Белгілі экономист Болат Жәмішев Медициналық сақтандыру қорының Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін аталмыш лауазымды Елжан Біртанов атқарған болатын. Денсаулық сақтау министрі Қордың директорлар кеңесінің құрамында қалады.

Болат Жәмішев осыған дейін ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, ӘМСҚ Директорлар кеңесінің құрамында басқа да өзгерістер болды. Экономист Жақсыбек Қүлекеев пен «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева Қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Қазіргі уақытта ӘМСҚ Директорлар кеңесінің құрамына: оның басқарма төрағасы Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар – Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Қүлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері – Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.

Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, Болат Бидахметұлына айына 200 мың теңгеден аспайтын сома төленеді. Сома уәкілетті орган ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісуімен белгіленген. Сонымен қатар, бұл сомадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, МӘМС-ке жарналар бойынша тиісті ұстаулар жасалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған