Біздің тарихымыз

(1951-1955 жылдар аралығы)
Бесжылдық деректері

(Басы № 7 санда, соңы) Мəдениет. Денсаулық сақтау. Халық ағарту. Спорт.

Мəдени мекемелер – клубтар мен кітапханалар жүйесі белсенді түрде кеңейтілді. Клубтар көптеген совхоздарда ашылып, белсенді жұмыс жүргізді: онда лекциялар, баяндамалар, фильмдер көрсетілді. Ауыл тұрғындары жұмыстан кейін қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатыса алды. Үгіт бригадалары Батпақ, Озерное, Литвин МТС клубтары үздік деп танылды. Олардың сахналарында шағын өміршең спектакльдер қойылды. Үйірмелерді ұжымшар төрағалары, мектеп директорлары, мұғалімдер ұйымдастырды.

Ауданның барлық ауылдарында оқу залдары, ал 1952 жылы Осакаровка ауылында алғашқы балалар кітапханасы ашылды. Балалар кітапханасының 1953 жылғы ақпан айындағы есебінде кітапханада 750 оқырман болды.

Осакаровкадағы алғашқы аурухана 1932 жылы ашылды, ол Больничная көшесіндегі жерүйде, 1934 жылы – №5 – 30 төсектік, 1936 жылы – №4 – 25 төсектік орындар ағаш ғимараттарда орналасқан еді. 10 елді мекенде медпункт ашылды. Денсаулық сақтаудың қарқынды дамуы соғыстан кейінгі жылдары, əсіресе 1954 жылы тың жерлерді игерудің басталуына байланысты болды. Осы саланы 28 жыл бойы Қаз ССР еңбегі сіңген бас дəрігер В.Г. Андрис басқарды.

Ауданның халық ағарту жүйесі дамып, кеңейтілді. 1951-1955 жылдары аралығында Осакаров ауданы жанынан əдістемелік кабинет ұйымдастырылды. И. П. Маркевич, Ю. С. Соловьев, Т. И. Москвитина, А. К. Гулая жетекшілігіндегі аудан мектептеріне жұмысқа жас мамандар келеді. Алматы, Тихвин, Калинин, ҚазМУ жəне басқа да оқу орындарының түлектері келгеннен кейін, тиісті білімі жоқ мұғалімдер басқа жұмыстарға ауыстырылды. Сыныптардағы балалар саны 40 жəне одан да көп болды (Озерное ауылында 4 сыныпта 48 оқушы болды). 11 салалық ƏБ жұмысы ұйымдастырылды. Жоғары сыныптарда психология жəне логика пəндері жүргізілді. Ауданда 45 мектеп болды, оның ішінде 5 – орта, толық емес орта жəне бастауыш мектептер – 40.

1955 жылы Алматыда классикалық күрес бойынша біріншілікте жеңімпаз болып, кейін Қазақстан чемпионы атанды. Осы жылдың маусым айында А. В. Колесов – КСРО жасөспірімдер арасындағы біріншілікте күмістен алқа тақты.

Танымал адамдар

Аудан тарихында ерекше орын алған танымал азаматшалар – Е. А. Ортман жəне И. А. Мейснер немістердің қуғынсүргінге ұшыраған отбасыларының мүшелері. Тағдырдың жазуымен Николаевка ауылында өмір сүрді. Екеуі де өз ісінің шебері, талант, еңбексүйгіштігімен танылғандар. Е. А. Ортман Бакулік, 1941 жылдан бастап зейнет жасына дейін сауыншы болып жұмыс істеді жəне тамаша еңбек нəтижелеріне қол жеткізді. Сол кездегі ең жоғарғы құрметті Мемлекеттік атақ: Республиканың еңбек сіңірген сауыншысы, Социалистік Еңбек Ері. Оның есімі Қазақ ССР Алтын кітабына енгізілген.

И. А. Мейснер Мəскеуде дүниеге келген, мектептен кейін Мəскеу мемлекеттік университетіне мехматқа түсіп, астроном болуды армандаған, бірақ өмір бойы 1941 жылдан 1991 жылға дейін Николаевка ауылында жұмыс істеді. Ол математика, химия, биология, неміс тілі пəндерін жанындай жақсы көрді. Музыкалық аспаптарда тамаша ойнады, зейнетке шыққанннан кейін ауылдың балабақшасында музыкалық жетекші болып жұмыс істеді. Бұл ерекше əйелдің қызығушылықтары арасында фотосурет пен поэзия да болды. Ол туған жеріндей болған Сарыбелді сан мəрте суретке түсіріп, өз жанынан арнаған өлеңдерінде оның даналығы, ана махаббаты, əйелдер философиясы анық танылды.

Өте өкініштісі, біз олардың мəнін кеш түсініп, тірі кезінде бағаламай, олар өмірден өткеннен кейін ғана еңбектерін еске алып жатамыз. Қорытынды.

Бесінші бесжылдық-бұл біздің ауданның Мəдениет, денсаулық сақтау, халық ағарту, спорт алаңдарында, мектептерінде, фермаларында жəне кəсіпорындарында қажырлы еңбекке жол ашты. Мұны ерекше сезіммен атап отырмыз.

Осакаров ауданына Бірінші басшылар арнайы жолсапармен қалай келді?

КОКП ОК бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н. С. Хрущев жəне Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Л. И. Брежнев 1954 жылы біздің ауданға арнайы жолсапармен келді. «Хрущев Қарағанды облысы Осакаров ауданының XIX партсъезд колхозының бағбаны Н. А. Измайловпен кездесті. Бұл жерлерде қатаң климаттық жағдайлар болса да, мұнда жеміс ағаштары мен жидектер өседі. «Бұл жерде бау-бақша шаруашылығын дамытуға болады», – дейді Хрущев.

Шынында да бау – бақшаны аязға ұрындырмай баптаған, мұндай адамдар біздің ауданда да болғаны мақтаныш емес пе!

Пайдаланылған əдебиеттер:

«Осакаров ауданы: кеше, бүгін, ертең» ғылыми-теориялық конференциясында сөз сөйлеген ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің баяндамасынан.

«Осакаров кітапхана жүйесінің хроникасынан» – ОКЖ библиографы С. Е. Жанарстанова.

Владимир Шепель. «Хрущев жəне қазақстандық тың көтеру».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған