Біздің тарихымыз (1979 – 1985 жылдар аралығы)

Оныншы бесжылдық аяқталды. Осакаров ауданы жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, еңбек етуді жалғастырды. 1979 жылы ауданның ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен қызметкерлерінің үлкен тобы еңбек жетістіктері үшін медальдармен және ордендермен марапатталды. Бірінші орында совхоздар арасында «Новый путь» үшінші бөлімшесінің сүт-тауар фермасы Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, бірінші космонавт Ю. Гагарин атындағы жұлдызды вымпелімен марапатталды. Осы совхоздың сауыншы Е. Г. Бабич Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Республикада машинамен сауу шеберлерінің байқауы өтіп, ХІХ партсъезд атындағы совхоздың сауыншысы Н. М. Задорожный жеңімпаз атанды.

Социалистік еңбектегі жеңістерінің қорытындысымен аудан КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесі, ВЦСПС және БЛКЖО ОК ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.

1980 жыл – оныншы бесжылдықты аяқтайтын жыл. В. И. Лениннің туғанына 110 жыл, ҰОС жеңісінің 35 жылдығы, ҚазКСРО құрылғанына 60 жыл толуына орай Халықаралық балалар жылы жарияланды. Мәскеудегі жазғы Олимпиада ойындарына біздің ауданның еңбекшілері өздерінің жетістіктері мен жеңістерін арнады.

Ауданның сауыншылары арасында Социалистік Еңбек Ері Е. А. Ортман сыйлығына социалистік жарыс жарияланды. Жаңа жыл қарсаңында Пионерское ауылында 624 оқушыға арналған жаңа екі қабатты мектеп ғимараты, Скобелевка ауылында Жеңіс күніне орай жаңа МҮ және мерекелік күнге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Аудан орталығы мен ауылдарын абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Осакаровка кенттік Кеңесінің Атқарушы комитеті ауданның барлық елді мекендерінде тәртіп пен тазалықты сақтау туралы шешім қабылдады.

«Екпінді лениндік жылға-айқын тарту!» ұранымен жөндеу зауыты жұмысшылары  1045 вагонды жасап, еліміздің түкпір-түкпіріне жіберді. Жиһаз фабрикасы да өнім көлемін ұлғайтты.

1980 жылы Центральный ауылында музыкалық цехтың жаңа үлкен жарық ғимараты салынды. Домбыра шығару жылына 60 мыңға дейін артты. Осакаров домбырасы халықаралық көрмелерінде әсіресе Моңғолия, Қытай, Германия, Канада, Жапония және басқа да елдерде ұсынылды.

Мәскеуден Центральное ауылындағы музыкалық цехқа Олимпиада ұйымдастыру комитетінен олимпиада символикасы бар Қазақ ұлттық домбырасын шығаруды өтініп 2000 домбыра жасауға тапсырыс жасалды. Жазғы Олимпиада ойындарының қонақтарына сыйлыққа жіберілген домбыраның сапасы өте жоғары болды.

Аудан тұрғындары, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар қатысқан лениндік сенбіліктер ұйымшылдықпен өткізілді. МҮ-де көркемөнерпаздар байқауларына қатысушы таланттар ашыла түсті.

Білім беру мекемелері белсенділігімен ауылда жұмыс істегісі келетін мектеп түлектерінің слеттері өткізілді. 1980 жылы Қазақ КСРО-нің 60 жылдығына арналған 16 жас өлкетанушылардың слеті өтті. Ол «Бұйра» шоқысында өтті. Мектептерде патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінді, осы мақсатта «Зарница» және «Орленок» әскери-спорттық ойындары өткізілді. «Орленок» ойынының финалы Алматыда өтті. Онда №1 ОМ командасы республиканың ең мықты командаларының бестігіне кірді. Аудан мектептерінің оқушылары жазғы уақытта «Ишимский» Еңбек және демалыс лагерінде демалып, жұмыс істеді. Осының барлығы жастарды тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлінгенін көрсетеді.

1980 жыл аудан аумағында мәдени-спорттық кешендер құрылып, оған МҮ, кітапханалар, алғашқы спорт қоғамдары, музыкалық мектептер кірді. Олар «Заря», «Теміртау», «Новый путь», Вильгельм ПИК атындағы совхоздарда, XIX партсъезд атындағы және Осакаровка кентінде құрылған болатын.  Тұрғындар тақырыптық кештерге, концерттерге, спорттық іс-шараларға, депутаттармен, соғыс  және еңбек ардагерлерімен кездесулерге өткізді.

Осылайша Осакаров тұрғындары 1980 жылдың барлық мерейтойларын атап өтіп, оныншы бесжылдықты аяқтады және 1981 жылды-ел дамуының он бірінші бесжылдық жоспарының басталуын қарсы алды.

К. Пиминиди,

С. Ильяшев,

Г. Головченконың өлкетану мақалалары мен Интернет материалдары пайдаланылды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған