Біздің  тарихымыз  (1967 – 1972 жылдар аралығы)

Өткен ғасырдың алпысыншы – жетпісінші жылдары  Халық шаруашылығының барлық салаларында қарқынды көтерілу кезеңі байқалды.    КСРО сегізінші бесжылдығының  қол жеткізген экономикалық көрсеткіштеріне байланысты бұл бесжылдық  «Алтын бесжылдық» бейресми атауын алды. Қазақстанда кең ауқымды өнеркәсіп құрылысы жүзеге асырылды, жаңа кәсіпорындар, цехтар іске қосылды, қара металлургия қарқынды дамыды. Қарағанды металлургия комбинаты алғашқы өнімдерін шығара бастады.

Сегізінші бесжылдықта ел экономикасын нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін   Социалистік Еңбек Ері атағы ХХ1 партсъезд механизаторы И. И. Петровқа беріледі. Орынбор облысынан арнайы қоныс аударған алты жасар бала алғашында «Интернациональный» кеңшарында  (кейін ХХ1 партсъезд  болып өзгертілді) бастауыш білім алып, 14 жасында трактористің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Венгрияда, Чехословакияда, Австрияда соғысып, елге тек 1947 жылы ғана оралды. Іле механизатор – тракторист курсына барып 1947 жылдан 1973 жылға дейін И. И. Петров туған совхозда жұмыс істеді. Ол жыл сайын жеке Социалистік міндеттемелерді 150 – 170% – ға асыра орындады. 1966 жылы бір ауысымда 10,7 гектарға дейін егістік өңдеді. 1967 жылдың 9 сәуірінде астықты өндіру мен дайындауды арттырудағы қол жеткізген жетістіктері үшін оған Ленин ордені және «Орақ пен Балға»алтын медалі табыс етілді. И. И. Петровпен бірге ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің үлкен тобы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды.

1967 жыл мерейтойлық Ұлы Қазан төңкерісінің 50 жылдығы белгісімен өтті. Осакаров ауданы атаулы мерейтойды өндірісте, егістікте, станоктарда еңбек етудің үздік көрсеткіштерімен қарсы алды.

1967 жылы ауылда футболды танымал ету үшін алғаш рет «Алтын дән» кубогына жарыс ұйымдастырылды. Атаулы шара  ауыл спорт командаларының спортқа деген белсенділігін арттырумен қатар ұзақ жылдар бойы ауылдық ерікті спорт қоғамдарының құрылуына әсер етті. 1967 жылдың жазында ауылдық дене шынықтыру ұжымдарының республикалық турнирі өтті. Додалы сайыста Осакаров ауданының командасы қола медалға ие болды.

1960 – 1970 жылдары танымал спорт қалашықтар қатарында Осакаровка жиһаз фабрикасы жанынан 1967 жылғы республикалық біріншілікте жеңімпаз атанған командасы құрылды.

1968 жыл біздің аудан тұрғындарының жадында ұзақ уақытқа сақталып қалған оқиғаларға бай болды. Әрине, бұл 30 қазан күні «Союз-3» кемесі 10 сағат 25 минутта ұшқыш – ғарышкер Г. Т. Береговтың  Батпақ ауылына жақын жерде қонуы және оны бірінші болып жергілікті тұрғындар қарсы алуы маңызды оқиға болып саналады. Осакаровка тарихи-өлкетану мұражайында Г. Т. Береговтың Батпақ ауылы тұрғындарымен түскен фотосуреті сақталған.

Суретте: «Осакаров дихандарына сүйіспеншілікпен және құрметпен» деген жазуы бар естелік.

Осакаров ауданы тұрғындары Орталық теледидар хабарларын алғаш теледидардан көре алатын мүмкіншілікке қол жеткізу үшін – хабар таратқыш (ретранслятор) орнатылды.

1968 жылдың наурыз айында Скобелевка ауылының тұрғындары асар тәсілімен комсомол – белсенділердің күшімен бірінші клуб ғимараты салынды. 25 шаршы метр шағын бөлмені кітапхана алды. Кітап қоры 1500 дананы құрады. Қор Осакаров аудандық кітапханасы мен балалар кітапханасының көмегімен құрылды.

Рухани азық құнды кітаптар өте бағалы болғандықтан кітаптар көптеп сатылып алынды, кітапханаларда оқырмандар толы болды және  үйде оқуға да кітап алушы  ынталылар көп болды. Кітаптар үздік сыйлық ретінде сыйға тартылды.

1969 жылы  «Ишимский» кеңшарының сауыншысы М. Т. Саяпина үшмыңдық жетістік бастамасын көтеріп,  әрбір сиырдан 3000 литр сүт суу көрсеткішіне қол жеткізеді. Бір жылдан кейін М. Т. Саяпинаға «Қазақ КСР Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атағы беріледі. М. Т. Саяпина Ленин, Октябрь революциясы және Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері атанып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қаз КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі М. Т. Саяпинаның тәжірибесін жинақтап, алдыңғы қатарлы сауыншының еңбек жетістіктері туралы брошюра шығарады.

Ұжымдағы еңбек екпінділерінің алғашқы слеті өтті. КСРО еңбеккерлерінің жаппай қозғалысы коммунистік көзқарас үшін, коммунизмнің материалдық –  техникалық базасын құру және коммунистік қоғамдағы адам тәрбиесін насихаттауды көздеді. Аудандағы мәдени өмір де маңызды оқиғаларға толы болды.  Осакаровкаға театр және кино әртісі А. А. Захаров келіп, кент тұрғындарымен кездесті. Кездесу қызықты  естеліктерге толы өтті.

1970 жылдың 18 маусымында Чапаев ауылының жанына «Союз-9» ғарыш кемесі қонады. «Союз-9» ғарыш кемесінің бортында ғарышкерлер А. Николаев пен В. Севастьянов кеңшардың егістікке арнап жыртқан жұмсақ алқабына  қонады. Олар орбитада 18 тәулік болып, жерді  286 рет айналып ұшқанда жуықтап айтқанда 11,9 миллион километрді 424 сағат 59 минутте ұшып өтеді.

Сол жылдары Кеңес әйелінің бейнесін насихаттау арқылы қарапайым, еңбекқор Кеңес әйелдері образын ашып көрсету шаралары жиі өтіп тұрды. Қоғамда  әйелдерге – аналарға көп көңіл бөлінді. Әйелдерді сыйлап, құрметтеу, олардың отбасындағы орнын бағалау нәтижесінде 1969 жылы көп балалы аналар тобына «Батыр Ана» атағы берілді, ал 1970 жылы көп балалы аналар «Ана даңқы»ордендерімен марапатталды. Осы жылы аудандық әйелдер кеңесі құрылып, Осакаров ауданы әйелдерінің 1-ші съезі өткізілді.

1971- 1972 жылдары ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің басты жетістігі  М. Т. Саяпина машинамен сауу шеберлерінің республикалық конкурсының жеңімпазы болды, «Коммунар»  кеңшарының директоры М. И. Осинин, «Қаз КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» атағын алды, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің үлкен тобы ордендермен және медальдармен марапатталды.

1972 жылы И.И Иванов Социалистік Еңбек Ері атанды. Қазақстандық Маресьевтің аты аңызға айналды. Ленинградтық азамат, соғыстың алғашқы күнінен туған қаласын қорғауда жараланып, Нева үшін болған ұрыстағы  шекара шебінде Дубровкада екі аяғынан айырылады. Артынан балалық бал дәурен шағы өткен Қазақстанға баруды шешіп, еңбек жолын «Коллективный» колхозында механизатор болып бастайды. Жыл сайын егін жинау бойынша жоспарды асыра орындап, жанкешті еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізеді.

Ауданның қоғамдық өмірі де белсенді болды: ауданның орта мектеп түлектерінің бірінші слеті, жастар фестивалі және жаңа МҮ ғимаратында үгіт бригадаларының байқауы өткізілді. Бірінші рет аудандық аспаздар мен өрендердің конкурстары өтті. 1970 жылы Белодымовский зоологиялық қорығы өз қызметін бастады, ал Центральное ауылындағы музыкалық цехта шыққан домбыралар Канада штатының Монреаль қаласында өтетін дүниежүзілік көрмесіне жіберілді.

Кеңес Одағында адамдар еш алаңсыз жұмыс істеді, киноға барды және демонстрацияға қатысты, балаларды тәрбиеледі, саяжай және бау-бақша кооперативтерінде жұмыс істеді, тегін пәтер алды.

Жетпісінші жылдары кеңестік тәрбиеде адамның мәдени және материалдық қажеттілігі үнемі өтеліп тұрды.  Елдің сапалы әл-ауқатының дамуына 1973 жыл өте қолайлы болды.

С.Ильяшев,

Пиминиди К.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Г. И. Головченконың кітаптарынан алынған материалдар;

интернет материалдары.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған