Біздің тарихымыз (1961-1966 жылдар аралығы)

«Гагариннің айға ұшуы туралы естіген елдің қуанышын 1945-ші жылғы Жеңіс күнгі адамдардың бақытты сәтімен ғана салыстыруға болады», – деп 1961 жылғы БАҚ беттерінде жазылған болатын. Осы тарихи сәтте ауданда жұмыс қарқыны дами түсіп, оқушылардың білімге құштарлығы арта бастады.

Совхоздар тың және тыңайған жерлерді игере бастады.

1961 жылы Осакаров ауданының №4 кеңшарының сауыншысы Е. Ортман «Ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген жұмыскері», «ҚазКСР еңбек сіңірген агрономы» атағына  А. П. Андросов ие болып, ал В. И. Суптелло «ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері» атағын алды.

1961 жылы «Осакаровский» кеңшары миллионер атанды, Ш. С. Сайфуллин басқарған шаруашылықтың инфрақұрылымының дамуы нәтижасінде бірнеше нысандар: үйлер, клуб, аурухана, асхана, мектеп салынды. Құс фермасы, жылқы фермасы, үлкен бау –  бақша жұмыс істеді.

Ауданның әкімшілік – аумақтық құрылысында өзгерістер болды. Осакаров аудандық атқару комитетінің 1962 жылғы 30 қазандағы шешімімен келесі атаулар берілді: «Родниковский» кеңшары орналасқан елді мекен  Родниковское ауылына, «Осакаровский» кеңшарына – Дальнее ауылы, Тельман кеңшарына – Тельман селосы, «Теміртау» кеңшары -Садовое селосы, «Тракторист» кеңшары – Молодежное селосы, №4 кеңшарына – Николаевка селосы атаулары берілді. Николаевка ауылынан жақын жерге қонған ғарышкер А. Николаевтың құрметіне осы ауыл Николаевка аталады.

1962 жылы Осакаровкада ауыл шаруашылығы озаттарының слеті өтті. Слет делегаттарының арасында үздік сауыншылар, механизаторлар, агрономдар, шаруашылық басшылары болды. Аудан басшылығы халық ағарту бөлімін дамытуға көп көңіл бөлді. Мұғалімдер оқу сапасы және мектеп түлектерін тәрбиелеу деңгейі мәселелері бойынша ғылыми – тәжірибелік конференцияға жиналды.

Аудан мектептерінде пионер ұйымдары белсенді жұмыс істеді. Пионерлер металл сынықтарын жинап, ауылдарды көгалдандыруға қатысты, түрлі қоғамдық – пайдалы және мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізілді. Көптеген мектептерде Ленин мұражайлары мен залдары, Жауынгерлік даңқ бөлмелері, жас батырларға арналған ескерткіштер ашылды.

1962 жылдың 10 – 28 шілде аралығында Осакаров пионерлері Киев қаласына танымдық сапар жасады. Жолай  Мәскеуде болып,  ХШЖК, Мәскеу циркіне барды. Киевте оларды қаланың тарихымен, көрікті жерлерімен таныстыру үшін арнайы бағдарлама жасалды. Пионерлердің екінші тобы 1962 жылдың шілдесінде Қазақстанның астанасы – Алматы қаласына барып, онда хайуанаттар бағында, туристік базада, мұражайларда, сурет галереяларында болды. Осы жылдың тамыз айында Осакаровка – Пионерское – Святогоровка – Белодымовка саяжайы – Осакаровка бағыты бойынша пионерлерге экскурсия ұйымдастырылып өткізілді. Топқа Пионер балалар үйінің тәрбиеленушілері кірді. Бұл сапарлардың күн сайын егжей – тегжейлі сипатталған күнделіктері мен журналдары жүргізілді. Оқытушылар қатарында Пионерлер үйінің ұжымы тарихи пионерлік экскурсиялар жасады. Олар: Н. Ф. Воронин, В. А. Сушков, Б. А. Шимпф, Г. Я.  Шандер және басқа да көптеген кәсіби бағытты, нағыз ұстаз мамандығына адал адамдар болатын.

Осы жылы біздің жерлесіміз А. И. Колесов классикалық күрес бойынша әлем чемпионы атанды.

Алаңдағы саптық байқау алдында жүзу бассейні мен ЦСКА гимнастикалық залы. Солдаттың қадамы. Солдан оңға қарай: Анатолий Колесов (1964 жылғы Олимпиада чемпионы, классикалық күрес бойынша 3 дүркін әлем чемпионы, кейіннен КСРО Спорт комитеті төрағасының орынбасары), ол әлем чемпионы болатынын айтты. (фото және оның астында «Қазіргі заманғы спорт мұражайы» сайтынан»)

1963 жылы – жеңіл атлетика, волейбол, спорттық күрес облыстық жарыстарында Осакаров спортшылары  жеңімпаз болып табылды. Ауданда мәдени – көпшілік жұмыстар жолға қойылды: барлық ауылдарда клубтар, МҮ, кітапханалар белсенді жұмыс істеді. Барлық ашылған нысандар ауданның мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуіне, ауыл тұрғындарының демалысын ұйымдастыруға және тұрғындардың өз бетімен білім алуын қамтамасыз етті. Осакаровка МҮ күндіз – түні әртүрлі үйірмелер жұмысы арқылы көркемөнер шығармашылығын дамытты.  Аудандық мәдениет үйінің хор ұжымы Республикалық хор өнері байқауының лауреаты атанды.

Ауыл шаруашылығында да елеулі оқиғалар болды. Агрономдар слеті өтті. № 4 кеңшар сауыншысы Т. Тугумбаева  ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

1964 жыл Осакаровка атауында өзгерістер болды. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 20 сәуірдегі Жарлығымен Осакаров селолық кеңесі поселкілік кеңес болып өзгертілді, ал Осакаровка қала үлгісіндегі кент болды.

Сол кездегі үлкен кәсіпорын – элеватор, өңірдегі тың және тыңайған жерлерді белсенді игеру кезінде 1959 жылы рекордтық жеңістер куәсі болып, астық қабылдай бастады. 1964 жылы элеватор ҚазКСР Құрметті Алтын кітабына енгізілді. Осакаров ауданында асфальт – бетон зауыты ашылды, оның өнімі ауданның автожолдарын салу және жөндеу кезінде пайдаланыла бастады.

Халық шаруашылығына қажетті мамандықтар бойынша білікті жұмысшыларды даярлау бойынша №1 ҚКТУ жұмысын бастап кетті.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімдері атағы пионерлер үйінің директоры Н. Ф. Воронин және осы ұжымның мұғалімі А. И. Копенкинаға берілді.

1965 жыл Осакаров дихандарының  жеңісті жылы болды: механизаторлар тобы еңбектегі жетістіктері үшін ХШЖК медальдарымен марапатталды, кинотеатрлар мен киноқондырғылар кірген киножелісі жүйесі, «Ауыл халқына киноқызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру жоғары жетістіктері үшін» эстафетасында марапатқа ие болды. Облыстық жас туристер – өлкетанушылар слетінде Осакаров ауданы жеңімпаз ретінде танылды.

Жаңа кәсіпорындардың ашылуы жалғастырылды – ЖПУ және машина есептеуіш станциясы жұмыс істей бастады. Аудан өміріндегі маңызды оқиға Пионерлер үйі аумағында «Азалы ана» обелискісінің ашылуы болды. Жыл сайын Жеңіс күні бұл жерде еске алу митингілері өтуде.

1966 жылы Осакаровкада БЖСМ ашылды, бұл олимпиадалық, ұлттық спортқа бағытты спортшылар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Николаевка  ауылының сауыншысы – Е. Ортман Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

Кеңес халқының революциялық, жауынгерлік және еңбек даңқы бойынша екінші Бүкілодақтық слетіне аудан делегаттары қатысты. Слет Мәскеу түбінде фашистерді талқандаудың 25 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. 8 қыркүйекте екі жарым мың делегат жиналған жорықта 15 мың ескерткіш, обелискілер мен мемориалдық тақталар орнатылды, мыңдаған бауырластар зираттары ретке келтірді, бұрын белгісіз болып келген батырлардың есімдері танылып, мемлекеттік мұражайлардың қызметкерлерімен кездесу өтті. Слеттің жабылу күні делегаттарға естелік медальдар табыс етілді.

С.Ильяшев,

Пиминиди К.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Интернет-ресурстары материалдары;

Осакаров ауданы ауылдарының жылнамасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған