Біздің тарихымыз (1956- 1960 жылдар аралығы)

1958 жылы ауданда алғаш Кеңес жа- стары Күні тойланды, Комсомолдың 40 жылдығы атап өтілді. Ауыл шаруашылығы, Құрылыс жəне интелли- генция қызметкерлерінің «Орман жəне бау – бақша күтушілері» аудандық қоғамы ұйымдастырылды. Ең бастысы-адамдар соғыстан кейін ес жиып, кейбір үйлерде теледидар пайда болды. Қарағанды те- ледидар студиясының хабарын ақ – қара түсті теледидары бар отбасылар теледи- дарды көруге өз орындықтарымен көршілерін шақырды. Сол кезден қалған «Зенит» жəне «Рекорд» телевизорлары туралы əлі де еске түсіп отырады. Қаз ССР Министрлер Кеңесінің Өкімімен Осакаровка ауылы жетіжылдық мектебін орта мектеп етіп қайта ұйымдастыру жəне оған №9 орта мектебі атауын беру туралы № 1602-ө Өкімі 1958 жылы 14 қазанда жарық көріп, Гуртов К. М. директоры болып тағайындалады. 1959 жыл жылымық 50 – ші жылдардың соңы халықтың тұрмыс жағдайы оңала бастады. «Əлемдегі ең оқымысты ұлт» бренді ұзақ уақытқа кеңес рəміздерінің бірі – қызыл бұрыштар, дербес кітапханалардың құрылуымен сипатталды. Колхоздар мен совхоздарда кітапханалар үшін шағын бөлмелер бөлінді. Мұрағат құжаттарында аудан бойынша ауылдық кітапханаларды жаппай ашу туралы бұйрықтар сақталған екен. Əрине, сол жылдары Осакаров тұрғындары шетелге саяхат жасауды ар- мандай алмады, бірақ белсенді демалыс əуесқойлары шатыр мен рюкзак алып, жорыққа аттанды. Осылайша, Осака- ровка – Екібастұз – Павлодар – Қарқаралы – Қарағанды-Осакаровка бағыты бойынша аудан мектептері оқушыларының экскурсиясы-автожорық ұйымдастырылды. «Ұмытылмас күндер» романының ав- торы, жазушы М. Лыньков Осакаровкаға келді. Ол тұрғындармен кездесіп, соғыс туралы – Белорус партизандары туралы əңгімеледі. Біздің Пионерлер үйі туралы бүкіл Кеңес одағына белгілі болды – «Ли- тературная газета» нөмірлерінің бірінде педагогтар мен үйірмелер туралы үлкен мақала басылып шықты. Ауыл тұрғындары үшін қазіргі заманғы «Уро- жай» кинотеатрының ашылуы үлкен қуаныш болды. Осы жылы Пионерское с. № 87 КПТУ тракторист- машинистерінің алғашқы қарлығаштары маман ретінде ауылдарға жол тартты. Еңбек жетістіктерімен Сталин колхозының үздік сауыншы Гелих В. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «ҚазКСР еңбек сіңірген дəрігері» атағын ауданның бас дəрігері В. Г. Андрис алды. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет гра- мотасымен ауданның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген əйелдері, мұғалімдер съезінің делегат- тары КСРО ордендері мен медальда- рына ие болды. № 4 кеңшар бақташысы К. И. Афанасьев Н.С. Хрущевтен құттықтау жедел хатын алды. Алтыншы бесжылдықтың соңғы жылы аудан басшылығы автожолдарды салу мен жөндеуге көңіл бөліп, Осакаров элеваторының бірінші кезегін пайдалануға берді.

 Пайдаланылған əдебиеттер: «Сельский труженик» Осакаровка, 2000. Бірінші оқушы (Ұлы Отан соғысына қатысушы, мектептің бұрынғы директоры Я. Ф. Севастьяновтың естеліктері). М. П. Маторина Осакаров жол техни- касын жөндеу зауыты. Осакаровка – 2013 ж.         Интернет-ресурстар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған