Біз біргеміз!

«Бірлесе білген ел бəрін жеңеді» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев əлемді шарпыған дағдарыстың қаншалықты ауыртпалығын атап өтті. Қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл əлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық екені ақиқат. Коронавирус пандемиясы экономикалық байланыстардың күрт төмендеуіне əкеліп соқты. Көптеген өндірістер, шағын жəне орта кəсіпорындар жұмысын тоқтатуға мəжбүр болды. Сонымен бірге, Тұңғыш Президент Қазақстанның бұл күрделі сынаққа дайын екендігін қадап айтты. Тəуелсіздік жылдарында біз өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін экономикалық жəне əлеуметтік базаны жасай алғанымызға маңыз берді. Бұл сынақты да еңсеретінімізді айтты.

Сын сағатта  барлық қиындықты бірге жеңетінімізге сенімім мол. Біз қазақстандықтар – бірлігі жарасқан елміз. Біз біргеміз!

Г.С.Мукушева,

ОҚББО директорының орынбасары

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған