Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 20 тамызға дейін созылады

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін созды. Бүгінде шамамен 350 мың өтініш түсті, көбісі egov.kz Электронды үкімет порталы арқылы қабылданды.

Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау 1 тамызда аяқталуы тиіс болатын, алайда карантиннің ұзартылуына байланысты 20 тамызға дейін беруге болады.

Сонымен бірге білім ұйымына құжаттарды беру кезінде медициналық анықтама ұсынбауға уақытша рұқсат берілді.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша және білім ұйымдарында бірінші тоқсанға жағдай бар болған кезде қатаң санитариялық шараларды сақтап кезекші сыныптардың жұмыс істеуі  ұйымдастырылатынын еске саламыз

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған