«Бір отбасы-бір кітап»  акциясы өтті

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ағымдағы жылдың қазан айында Осакаровка кентінің №12 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығында) мектепішілік акциясы болып өтті. Жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуды көздеген акция – балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын оята түсті.

«Бір отбасы – бір кітап» акциясы 2 – 10 сынып  оқушылары арасында айтулы тақырыптарға сәйкес өтті. 2 – сынып оқушысы Ақболат Інжу отбасымен, 5 – 6 сынып оқушыларының ата аналары арасында Макишевтар, Омашевтар, ал 7 – 8 сыныптар арасында Гуровтар, Сүлейменовтер отбасы атаулы шараға арнайы бейнеқойылым әзірледі. Сонымен қатар мектеп кітапханасы мен пән мұғалімдері біріге отырып акцияға көрме ұйымдастырды.

«Ұлы ғұлама Абай» туралы зум бағдарламасы арқылы қашықтан 7 «а» сыныбында ағылшын тілі пәні бойынша викториналық сауалдар ұсынылды. Қазақ тілі пәнінен Абай Құнанбаевтың шығармаларынан 3 – сыныпта ашық сабақ өткізілді.

Абайдың шығармалары және табиғат лирикасы тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Абай бейнелеген жаз бен қыс, көктем мен күз, жайлаудағы ауыл, даланың түнгі тынысы, табиғат көріністеріне  байланысты өміршең суреттерді оқушылар бар ынтасымен тамашалап, тақырыпты қамтуға тырысты. Әрбір оқушы өз жұмысын зум бағдарламасы арқылы қашықтан жариялап, қорғады. Абай шығармашылығынан Ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауына мұғалімдер және оқушылар белсене қатысты.

Үздік қатысушылар марапатталып, ең таңдаулылары  байқаудың келесі кезеңіне өтті.

Акция әлі де жалғасын таппақ, қатысушыларымызға тек қана сәттілік тілей отырып, барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз. «Кітап – асыл қазына» екенін естен шығармайық.

Асель Абдыбекова,

«Осакаровка кентінің №12 орта мектебінің

базасындағы тірек мектебі ( ресурстық орталығы)» КММ-нің

оқу – тәрбие ісі бойынша директорының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған