Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауға өтінімнің онлайн мәртебесін қалай тексеруге болады

«Электрондық үкімет» порталында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдауға бұрын берілген өтінімнің мәртебесін тексеру бойынша сервис жұмыс істейді.

– Біз eGov.kz-тегі құжаттарды қабылдау және мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау бойынша қызмет көрсету порталда кеңінен танымал екенін түсінеміз. Сондықтан, берілген өтініштерді қадағалау процесін қарапайым және барлығына түсінікті етуге тырысамыз, – деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, авторлану керек. «Қызметтер» бөлімінде тізімнен «мектепке өтінім мәртебесін тексеру сервисін» таңдаңыз. Содан кейін өтініштің бірегей кодын енгізіңіз. Жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Көрсетілген қызметтің нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және оқу жылының басында орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық шығару немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған