Бетпердесіз жүрмеуіміз керек

Күз мезгілі жедел респираторлық вирустық аурулардың көбейетін кезеңі.

Осы кезеңде мектеп оқушылары білім ошақтарында қатаң санитарлық тәртіпті сақтауы тиіс. Балалардың бір бірімен байланысын мейлінше азайту үшін мектепте қоңырау үзілісінің әр топқа әртүрлі соғылуы сақтанудың басты талабы болмақ.

Карантиндік шараларды ескеріп, сақтық шараларын қатаң сақтап, бетпердемен жүруге дағдыланайық.

Антисептиктерді қолдана отырып, бір-бірімізден қашықтықты сақтайық.

Отбасылық қонақ шақыру іс-шараларынан бас тарту туралы ұмытпайық. Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда және елдегі жағдай біздің азаматтық әрекетімізге байланысты болмақ. Егер біз осы жағдайдан тез арада шыққымыз келсе және инфекция таралмауы үшін бірінші кезекте барлық санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Сара Тоқашева,

«Осакаровка кентінің №9 Гимназиясы

базасындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы)

музыка пәнінің мүғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған