Бесінші басымдық: Қуатты өңір – қуатты Қазақстан

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған күн, әрине, біздің еліміздің тарихындағы даңқты күндердің бірі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» тарихи Конституциялық Заң қабылданды. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұңғыш рет әлемдік қауымдастықпен танылған егеменді мемлекеттің заңды түрде рәсімделген мәртебесіне ие болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа кезеңіне қадам басты, бұл кезеңге көшу Елбасының ұсынысы мен бес институционалдық реформалар арқылы анықталды. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттер қатарына сәтті енуі үшін Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыруда негізгі мәні болып табылатын жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясы Ұлт жоспарының базалық векторы болды. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енді. Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастады.

Дамудағы 30 жыл ішінде Қазақстан 2030 – Стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елдер қатарына кірді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы Қазақстанды одае әрі дамытуға негізделген құжат болды. Жолдау талаптары арқылы – жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін – өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтілді. Осының нәтижесінде азаматтардың жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігіне кең жол ашылды. Бүгінгі күнде аудандағы барлық кенттік және ауылдық округтер бюджеттің төртінші деңгейіне көшіп болды. Енді әрбір кенттік және ауылдық округтердің әлеуеті бар.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Осының нәтижесінде ауданымыздың экономикалық көрсеткіштері еселенсе, облыс қуаттанып, еліміз гүлденіп, экономикамыз өрге басады. Бүгінде жер  – жерлерде индустрияландыруға басымдық беріліп, облыстарда жаңа өндіріс орындары өмірге жолдама алуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында, аудан ауыл шаруашылығы мен өндірісі көптеген бағыттар бойынша белгілі жетістіктерге қол жеткізді.

Қанат Саққұлақов,

Аудандық мәслихаттың хатшысы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған