«Бейбіт жиналыстар өткізу туралы» жаңа Заңның қабылдануы – тәуелсіз еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше қадам деуге болады

«Бейбіт жиналыстар өткізу туралы» жаңа Заңның қабылдануы – тәуелсіз еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекше қадам деуге болады. Ақпараттық дәуірде өмір   сүріп жатқан біздер үшін митингтер мен бейбіт жиналыстарды өткізудің қалыпты жүйесінің болуы  үлкен  жаңалық болмақ.

Заңның талаптарымен бейбіт жиындардың өткізілу барысының толық жариялануына кепілдік берілуі де әр азаматтың пікірімен санасуға  мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бейбіт жиынды ұйымдастыруды туралы ақпаратта көрсетуге тиісті мәліметтердің тізімі де бірқатар азайтылған. Митинглер мен шерулерді өткізу туралы ескертпелер берудің де мерзімі 15  күннен 5  күнге, жергілікті үкімет өкілдерінің аталған ескертпеге жауап қайтару мерзімі де 10 күннен 3 күнге  азайтылған.

Ең бастысы, заң жобасында бейбіт жиынға қатысушы барлық тараптың құқықтары айқындалып берілген. Қамтылып отырған заң жобасы қолдануға қолайлы, мүдделі тұлғалар үшін тиімді болады деп сенемін.

  С.Шардарбекова

«Қарағанды облысының

Кәсіподақтар Орталығының

жапнындағы Татуласу Орталығының

басшысы                 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған