Бақылауда

Осакаров ауданы әкімдігінің мониторингтік тобы төтенше жағдай режимін бұзу объектілеріне тексеру жүргізді. Топ құрамына прокурорлар, полицейлер, ауданның тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері кірді.

24 және 25 наурыз күндері ауданның екі кентіндегі мониторингтік топ 43 нысанды тексерді. Дүкендер мен қоғамдық тамақтану объектілеріне барды. Барлық мекемелерде тиісті ұсыныстар берілді.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылып, шектеу шараларын сақтамау бойынша 14 ескерту шығарылды. Олар қолғаптар мен бетперделерсіз жұмыс істеп, дизинфекциялық кедергілерді сақтамаған.

Сауда нысандары бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын тексеру мен мониторингтік тексерулер жалғастырылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған