Қазақстандықтарда онлайн түрде рахмет айту мүмкіндігі пайда болды

Алғыс айту күні Қазақстанда «Шын Жүректен» еріктілер жобасы іске қосылды. Jurekten.kz сайтында республиканың кез келген тұрғыны шын мәнінде лайықты адамға алғыс айта алады.

– Адамға рахмет айтуда еш қиындық жоқ. Бірақ бұл сөзді айтқанда, ол адам риза болады. Біз пандемияға байланысты қиындықтар мен шектеулер отандастардың әл-ауқатына әр түрлі әсер ететін ерекше кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Біздің жобамыз – біреу шын жүректен айтылған рахмет деген сөзді естуі үшін халықты алғыс білдіруге шақыру болып табылады, – дейді жоба жетекшісі Адина Хамар.

Жылы сөздерді ата-аналар, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе мүлдем бейтаныс адамдарға жолдауға мүмкіндік жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған