Қазақстандықтар теміржол билеттерін қалай қайтаруға болатынын WhatsApp арқылы біле алады

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттерін қайтару мәселелері бойынша WhatsApp нөмірін ашты, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Жол жүру құжаттары мен ақша қаражатын қайтару бойынша жолаушылардан келіп түскен өтініштерге байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2020 жылғы 3 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау және жедел өңдеу үшін +7-707-270-36-64 WhatsApp нөмірін іске қосты.

Төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі:

– билетті жөнелту станциясынан пойыз жөнелтілгенге дейін бір сағаттан кешіктірмей қайтарған кезде ақша төлеушінің картасына 5 жұмыс күні ішінде түседі;

– қалыптастыру станциясынан пойыз жөнелтілгенге дейін бір сағаттан кем билетті қайтарған кезде ақша қаражаты жолаушының өтініші негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде талап қою тәртібімен түседі.

Билеттерді қайтару үшін ақша алмаған жолаушылар +7-707-270-36-64 WhatsApp -нөміріне хабарласып, ақшаны қайтару мәртебесін анықтай алады.

Сұрау салуды жіберген кезде жол жүру құжатының (билеттің) нөмірін көрсету не жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін және билет кассасына жүгінген кезде жол жүру құжатын (билетін) қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет.

Ұлттық тасымалдаушы темір жол билеттерін қайтару Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жүргізілетінін еске салады.

Ережеге сәйкес, жол жүру құжаттарын қайтару кезінде пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүрудің толық құны төленеді;

– 24 сағаттан кем, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кешіктірмей билет құны және плацкарт құнының 50% төленеді;

– жөнелтуге дейін кемінде 6 сағат бұрын және пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттан артық емес уақытта билеттің құны төленеді, бұл ретте плацкартаның барлық құны ұсталады.

Пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағат өткен соң жол жүру құжаттарын қайтару жүргізілмейді, ақша қайтарылмайды.

Жолаушылар пойызының қатынауын тоқтатқан кезде жолаушылар билеттерді қайтаруды ресімдей алады және ақшаны ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Жол жүру құжаттарын сатып алған жері бойынша қайтару керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған