Қазақстандықтар ЭЦҚ қашықтан паспорт бойынша ала алады

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматты сәйкестендіру процесінен өтіп, қашықтан алуға болады. Бұдан былай оны паспорттың көмегімен жасауға болады, деп Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызметті пайдалану үшін электрондық үкімет порталының «сервистер» алаңына кіру қажет, тізімнен «ЭЦҚ қашықтан алу» таңдау қажет. Содан кейін кілттерді алу бойынша стандартты процедурадан өту керек.

«Осы уақытқа дейін ЭЦҚ қашықтан алынған кезде кейбір жағдайларда жүйе куәліктің ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты құжат иесін сәйкестендіре алмады, сондықтан пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберілді, бұл қосымша уақытты талап етті. Паспортты жеке басын куәландыратын балама құжат ретінде пайдалану ЭЦҚ қашықтан форматында алынған кезде, оның ішінде жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда сәйкестендіруден өтуді жеңілдетеді», – деп хабарлады ведомствода.

ТЖ кезеңінде 274 мың электрондық цифрлық қолтаңба берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған