Қазақстандықтарға АӘК тағайындауға өтінішті egov.kz арқылы беруді ұсынады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға мемлекеттік мекемелерде адамдардың көптеп жиналмауы үшін Атаулы әлеметтік көмек (АӘК) тағайындауға өтінішті 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап еgov.kz Электрондық үкімет порталы арқылы беруді ұсынады.

«Әкімдіктер мен халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген азаматтар үшін тізім бойынша өтініш беру кестесі көзделеді. Халықтың жаппай шоғырлануын болдырмау үшін ЕХӘҚМ мемлекеттік инстанцияларға тиісті ұсыныс берілді. Сондай-ақ, III тоқсанда АӘК тағайындау мерзімін ұзарту болмайды. Еске сала кетсек, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төтенше жағдай режимінің әрекет етуіне байланысты I тоқсанда төлемдер тағайындау мерзімін ұзартқан болатын», – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірлерінде АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың 5 айында алушылардың жалпы саны 122,3 мың отбасы немесе 629,9 мың адамды құрады.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КӘП тұрмыстық химия өнімдері мен тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санат үшін мектепке дейінгі және кері қайту жолақысы өтеледі. Азық-түлік жиынтығы балалардың жасына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін, бірақ әлеуметтік пакеттің құрамы барлық аймақтарда бірдей болады.

Ол физиологиялық ерекшеліктерді, өнімдердің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жасына сәйкес оларды қолдану нормаларын ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер витаминделген, бұл өсіп келе жатқан ағзада витаминдер мен минералдардың жетіспеуін өтеуге мүмкіндік береді.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған